Турнирге жалпы білім беретін мектептер және «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы бойынша барлығы 14 команда қатынасты.
Білім бөлімінің пікірсайыс лигасы бойынша үйлестірушісі М.К.Мухамбетова, мектеп директоры С. Т. Балекина жас пікірсайысшыларға сәттілік тілеп, «Мұрагер» клубының жетекшісі , бас төреші Д. Қ. Садықов турнир ережесімен таныстырды.

«Болашақ» тақырыбында өткен іс –шара мақсаты: білім алушылардың зиткерлік, шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, шешендік өнер дағдыларын дамыту.
Турнир барысында қатынасушыларға қоғамдағы өзекті мәселелерге байланысты қарарлар ұсынылды. Оқушылар алғашқы үш айналымда өзара сайысып, жеңімпаздар жартылай мен ақтық мәреде өз білімділіктерін сарапқа салды.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, білім бөлімінің мадақтамаларымен және жеңімпаз командаларды дайындаған жетекшілер Алғыс хатпен марапатталды. Нәтижесінде  3-ші орынды «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Алаш» пікірсайыс клубы иеленді. Жетекшісі Садыков Дархан.