«Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында «Батыр» спорттық туризм үйірмесінің жетекшісі Абжанов Жайсанның ұйымдастырумен  Б.Қолдасбаев мектебінде 5-8 сыныптар арасында Қазақстан  Республикасы күніне орай "Қазақстан менің жерім" тақырыбында спорттық туризм сайысы өтті.  Мақсаты – жасөспірімді жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Спорттық бағдарлау арқылы Отанды, туған өлкені құрметтеуге, табиғатын сүюге тәрбиелеу.  Нәтижесінде 1 орынды 6"В" сыныбы, 2 орынды 8"А" сыныбы, 3 орынды 6 "Б" сыныбы иеленді. Сонымен қатар система кию номинациясы бойынша  6"В" сыныбы, түйіншік байлау номинациясы бойынша 6"Б" сыныбы, маркировка  номинациясы бойынша 8"А" сыныбы , доп жеткізу  номинациясы бойынша 6"В" сыныбы, батырлар сайысы  номинациясы бойынша 8"А сыныбы иеленді. Қосымша жақсы нәтиже көрсеткені үшін оқушылар марапатталды