Қыркүйек айының 25-30 аралығында Алматы қаласында Республикалық "Жарқын болашақ " өнер орталығының ұйымдастыруымен V Республикалық "Жарық жұлдыз" атты балалар өнер байқауы өтті. Байқауға "Шұғыла БЖШО "Сиқырлы қалам" және "Алтын оймақ" үйірмесінің оқушылары қатынасып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ: "Көркем сурет" жанры бойынша кіші топтар арасында : Жұматова Айзере Саматқызы-Бас жүлде, Қуанышбек Тоғжан Азаматқызы- 1 орын, Орта топ бойынша : Жұматова Ділназ Ерболатқызы- Бас жүлде, Бәкірова Әдемі Досқалиқызы- Бас жүлде, "Қолөнер" жанры бойынша кіші топтан : Қарашова Аружан Ғалымжанқызы- 1 орын, жоғарғы топ бойынша:Тұрсынова Көркем Мирамқызы -Бас жүлде иегерлері атанды. Сондай-ақ үйірме жетекшісі Мирамбек Нұрсулу Мирамбекқызы "Үздік педагог-2020" дипломымен және талантты да дарынды шәкірт дайындағаны үшін конкурс басшысының дипломымен марапатталды. Оқушыларға алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз!!!