Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі республикалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығының сертификатын «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұстаздар қауымы білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын оқып алды. «Шұғыла» қосымша білім беру орталығының директоры Қойшыбаев Ербол Абильгазиевич балаларға қосымша білім беру бағдарламасының іске асыратын ұйымдардың педагог кадрларына арналған «Балаларға қосымша білім беру жүйесіндегі менеджмент» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсын аяқтады. Сериясы №0472.
«Руханият» үйірмесінің жетекшісі Туленов Сақан Онжанович «Өлкентану және виртуалдық экскурсиялар: дәстүрден инновацияға» (сериясы №1291), «Жас суретшілер» үйірме жетекшісі Тұрсынбек Айдар Дәуренбекұлы «Кескіндемедегі STEAM -ТЕХНОЛОГИЯЛАР» (сериясы №1333), «Жас қанат» үйірмесінің жетекшісі Журсинов Фархат Нурланович «Эстрадалық вокалды оқыту өнері, Әдістеме және практика» (сериясы №1037 тақырыбындағы білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсын аяқтады.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз.Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боларымыз хақ!
https://bilim-amangeldi.rka.kz/kz/zhetistikter/2020-amangeldi/128-balalar-a-osymsha-bilim-beru-zh-jesindegi-menedzhment-ta-yrybynda-y-bilim-beru-ba-darlamasy-bojynsha-80-akademiyaly-sa-at-k-leminde-biliktilikti-arttyru-kursyn-aya-tady-2.html#sigFreeIdd8ad86019a








