Амангелді  ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің 8 қырқүйек күні cаз мектебінде Қожасов Ораз Мұқанұлы атындағы домбыра кабинеті ашылды.

Өнер кабинетінің ашылуына Ораз Мұқанұлының ізбасары, ҚР Еңбек  сіңірген мәдениет қызметкері, жерлес композитор Қалибек Деріпсалдин демеушілік жасады. Қожасов Ораз Мұқанұлы-қасиетті Батпаққара өңіріне есімі танымал тұлға. Дәулескер күйші, ұлағатты ұстаз, композитор 1974 жылы аудандық Саз мектебі ашылғанда, алғашқы ұстаздардың бірі болып қызмет еткен. Ол еңбек жолында ұлағатты ұстаз ғана емес, ағаштан түйін түйіп, домбыра жасау шеберлігімен де елге танылған. Іс-шара барысында аудан әкімі Асанов Әмірхан Біркенұлы  құттықтау сөз сөйлеп, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, сазгер, күйші Айтбай Мұздаханов естеліктермен бөлісті. Қалибек Деріпсалдин  өз сөзінде аудан мәдениетіне, өнерпаздарға қашанда қолдау көрсете беретінің айта келіп, аудан жұртшылығына, ұстаздар мен өнерпаздарға алғыс білдірді.Сыныпқа домбыра сыйлады. Былтырғы жылы Саз мектебі аудан орталығына көшіріліп, кең әрі  ағымдағы жөндеуден өткен ғимаратқа қоныстандырылған болатын. Ораз Мұқанұлы атындағы домбыра кабинетінің ашылуы-осынау игі шаралардың  жалғасы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылған өнер кабинеті жас өнерпаздар үшін қызмет жасай бермек.