«Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Абай-мұра, ғасырлар даналығы» онкүндігі аясында «Мені Абай шабыттандырады» атты аудандық сурет байқауы өтті.

Байқау оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету, олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту, сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру мақсатында өтті.


Байқауға жалпы білім беретін орта мектептердің 1-4- сынып оқушылары арасында жалпы 57 үміткер қатысты. Әр оқушы өзінің суреттерін бар ынтасымен салып, байқауға жауапкершілікпен қарады.   Байқау ережесіне сәйкес әрбір жұмыстың көркем-эстетикалық безендірілуі, орындау сапасы ескерілді.


Байқау нәтижесінде бас жүлдені А.Нұрманов орта мектебінің оқушысы Еркінқызы Әмина,  І орынды Жаңа ауыл орта мектебінің оқушысы Байдүйсенбайқызы Ақбаян, ІІ орындарды  Б.Қолдасбаев орта мектебінің  оқушысы Сапарбеков Ғибрат пен  Жаңа ауыл орта мектебінің оқушысы Бекболатқызы Айдана иеленді. Ал ІІІ орындарды Тасты орта мектебінің оқушысы Шорманұлы Бекзат, Амангелді орта мектебінің оқушысы Жұмағали Інжу, Н.Мейірманов орта мектебінің оқушысы Саматов Ертөре иеленді.  


#абай175жыл#меніабайшабыттандырады