«Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Абай- мұра, ғасырлар даналығы» тақырыбында аудандық онкүндіктің ашылу саланатты өтті.
Алғашқы құттықтау сөз кезегі аудандық білім беру бөлімінің басшысы Дихамбаев Мұрат Сембайұлына берілді. Абай мұраларының нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру, өмірлік азығына айналдыру маңызды міндеттердің бірі екендігіне тоқталды.
Іс-шара барысында «Мереке» бишілер үйірмесінің оқушылары би билеп, Абай атамыздың «Жас толқын» вакал үйірмесінің оқушысы Есенаман Нұрай «Желсіз түнде жарық ай», домбыра үйірмесінің оқушылары Балахмет Серікболсын «Сегіз аяқ», Шрайденов Жанболат "Айттым сәлем Қаламқас" әндерін тамылжыта шырқады. Сонымен қатар «Қыл қалам» сурет үйірме жетекшісі Тұрысбек Айдардың арнайы әзірленген көрмесі тамашаланды.
#абай175жыл#ұлыақын#шоқтығыбиіктұлға
https://bilim-amangeldi.rka.kz/kz/zhanaly-tar/82-abaj-m-ra-asyrlar-danaly-y-ta-yrybynda-audandy-onk-ndikti-ashylu-salanatty-tti.html#sigFreeId6217361b77








