Мінеки табиғаттың ерекше құбылып, айналамыз cары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айының ортасына келіп жетті.
Күз айы мерекелі ай. Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай.
Осы орайда оқушылардың күзгі демалысын тиімді пайдалану мақсатында «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Күз ханшайымы» байқауы өтті.
Мақсаты: Әр баланың басындағы өнерін көрермендерге паш ету,қазақ халкының салт дәстүрін,әдет-ғұрпын сақтауға үйрету. Қазақ халқының ұлттық өнерін,салт-дәстүрін дәріптеу, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін,эстетикалық талғамын,шеберлігін дамыту.
Сайыста шығармашылық орталығының әдіскері Естекова Жансая, «Дарын» драма үйірмесінің жетекшісі Жұмабеков Әнет, «Ісмер қолдар» үйірмесінің жетекшісі Абдуахитова Жанар қазылық етті.
Сайыс төрт кезеңнен өтті. Таныстыру, өз өнерін көрсету, үй тапсырмасы «Күзгі дастархан», сән үлгісі. Сайыс қызықты әрі тартысты өтті.
Нәтжесінде бас жүлдені Ерлан Іңкәр, 1-ші орынды Қуанышбекова Тоғжан, 2-ші орынды Бубархан Ақмекен мен Ержан Жұлдызай, 3-ші орынды Бақыт Маржан иеленді.
Жүлделі орын алған оқушыларға ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар, естелік сыйлықтар берілді.
https://bilim-amangeldi.rka.kz/kz/zhanaly-tar/189-k-z-khanshajymy.html#sigFreeId39e937c8be








