25 Қазан – Республика күніне» орай Б.Қолдасбаев мектебінде "Шұғыла" шығармашылық орталығының "Шағын футбол" үйірмесінің жетекшісі Аханов Ердаулеттің ұйымдастыруымен мектепшілік шағын футбол жарысы өтті.
Мақсаты – салауатты өмір салты қағидаларын шұғылданушылардың бойына сіңіру, шағын футбол ойынымен әуесқой және кәсіби деңгейде шұғылдану үрдісін ұйымдастыру, жоғары деңгейдегі жарыстарға дайындау.
Футболға 6-8 сынып аралығындағы оқушылар қатысты. Жалпы қатысқан оқушылар саны 30 оқушы.
Жарыста жақсы өнер көрсетіп жүлделі 1-ші орынды 7 сынып құрамасы,
2-ші орынды 8 сынып құрамасы, 3-ші орынды 6 сынып құрамасы иеленді.
Үздік қақпашы Қасымхан Нұрсәт, үздік қорғаушы Кәрім Елжан, үздік шабуылшы Төкенов Айдын атанды.
Сонымен қатар салауатты өмір салтын тәрбиелеу, ауданда спорт түрлерін насихаттау, үздік шыққан спортшыларды анықтау мақсатында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық Шағын футбол жарысы өтті. Жарысқа 9-11 сынып оқушылары қатысты. Ұлдар арасында өткен жарыста "Шұғыла" шығармашылық орталығының "Шағын футбол" үйірме оқушылылары жақсы ойын көрсетіп командалық 1 орынды жеңіп алды. Жетекшісі Аханов Ердаулеттің мерейі үстем болды
https://bilim-amangeldi.rka.kz/kz/zhanaly-tar/187-sha-yn-futbol-2.html#sigFreeId92de7b9b25








