Экология бұрышы "Жасыл әлем" жобасы аясында "Шұғыла" шығармашылық орталығының "Жас эколог"  үйірмесінің жетекшісі Даулетова Айгул  шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағатында Рассвет негізгі орта мектебінің оқушылары А.Нұрманов мектебіне келді. Олар тәжірибе алаңы мен экология бұрышымен танысты.

Мақсаты: мектепте экология бағыты бойынша жүргізілген білім алушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу. Саяхатшылар мектепте орналасқан экология бұрышындағы балалардың қолдарынан шыққан қалдық заттарды өңдеу арқылы жасалған бұйымдармен танысты. "Жас эколог" үйірмесінің білім алушысы Сапарғали Рауан "Балалар қоқысқа қарсы" тақырыбындағы өз қолымен жасаған макетін таныстырды. Шеберлік сағатынан соң өздерін толғандырған ойларымен пікір алмасты