1 қараша күні Бүйректал жалпы білім беретін мектебіндегі «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының "Көркемсөз" үйірмесінің жетекшісі Аренова Диананың ұйымдастыруымен күзгі демалыс уақытында "Ұлы ақындар жырлары" атты 5-сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Мақсаты: оқушыларға ұлы ақындар шығармашылығын дәріптеу; балалардың дүниетанымын дамыту, өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру.
Оқушылар өздері ұнатқан шығармаларын жатқа айту арқылы сайысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды 5-сынып оқушысы Мұрат Фаризат иеленді.









