Тұңғыш Президент күніне орай "Шұғыла" балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында 7-14 жастағы мектеп оқушылары арасында "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" атты тоғызқұмалақ ойынынан аудандық сайыс өтті. Оқушылар өздерінің қарым-қабілетін ойын барысында ерекше көрсетіп, 1-орын, 2-орын, 3-орын Алғыс хаттарымен, медальдармен марапатталды. Қалған қатысушы оқушыларға арнайы диплом және ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Балалардың уақытын тиімді өткізуде ұлттық ойынымыз — тоғызқұмалақтың алар орны ерекше.