Тұңғыш Президент күніне орай «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен “Болашақтың ұтқыр ойлы ұрпағы” атты шахматтан турнир өтті. Турнирді аталған орталықтық қызметкері және «Шахмат» үйірмесінің жетекшісі Ғанибек Мәденов ұйымдастырды.
Іс-шара оқушылардың шахмат ойынына деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, зейінділікті дамытуға ,әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға және басқа да моральдік қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған болатын. Шахмат турниріне 2007-2014 жылы туған әр мектептен 2 оқушыдан қатынасты. Шахмат жарысы 2 тақтада өтті. Нәтижесінде 1-ші тақтадан 1-ші орынды Жаңа ауыл жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Фазыл Ибрахим, 2-ші орынды Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Бейсенбаев Ғинаят, 3-ші орынды Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Қалиден Абылайхан иеленді. 2-ші тақтадан 1-ші орынды Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Қадыр Жанболат , 2-ші орынды Жаңа ауыл жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Олжабекова Айтолқын, 3-ші орынды Амангелді жалпы білім беретін ората мектебінің оқушысы Жұмағазин Жантөреге бұйырды.
Ең жас ойыншы Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Хайролла Тимур атанды. Командалық жарыс бойынша 1-ші орын Жаңа ауыл, 2-ші орын Ы.Алтынсарин, 3-ші орын Ә.боранбаев атындағы орта мектептері иеленді.
https://bilim-amangeldi.rka.kz/kz/zhanaly-tar/168-bolasha-ty-t-yr-ojly-rpa-y.html#sigFreeId918099b779








