Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Амангелді ауданына Наурызым ауданынан делегация келді. Мәртебелі қонақтарды аудан басшысы Карбозов Талғат Тойшыбекұлы қарсы алды.  Делегация құрамында Наурызым ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Қоржынбаев Тумырза Байжанұлы бастаған ардагерлер бар. Ауданымыздың киелі де көрікті жерлерімен танысу мақсатында келіп, батыр бабаларымыздың Сатыбалды ишан, Кейкі батыр, Амангелді Үдербайұлының рухына құран бағыштады. Сондай-ақ «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығына келіп оқушылар ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына әзірлеген көрмемен танысты. Көрмені орталық басшысы Қойшыбаев Ербол және оралық педагогі Тұрысбек Айдар таныстырды. Келген  делегацияға оқушылар әзірлеген домбыра мүсінін  сыйға  тартты.