Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Жас суретшілер» және «Сиқырлы қалам» үйірмесінің ұйымдастыруымен "Тәуелсіздікке тарту» тақырыбында жас суретшілер байқауы өтті. Сайысқа 5-8 сынып оқушылары қатысты. Байқауда әр бір сурет өзінше ерекше, өзінің берер мағынасы бар және ерекше махаббатпен салынған, балалардың жұмыстарынан олардың таңдап алынған тақырыпқа деген ерекше көзқарастары байқалады. Балалардың армандары мен қиялының шексіз екенін көрсетіп отыр, олардың жұмыстарындағы тәуелсіздік тақырыбы сан қырынан көрініс тапқан. Балалар арасында ұйымдастырылған ең үздік сурет конкурсы желтоқсан айына дейін жалғады.

Негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың адамгершілік-патриоттық, азаматтық жауапкершілік сезімдерін ояту, жас ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, балаларды жалпы азаматтық құндылықтарға және мәдениетке тарту, сондай-ақ балалардың сурет шығармашылығын дамытуға және көпшілікке насихаттауға ықпал ету.