Қай уақытта болмасын отбасының адамзат ұрпағына ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. «Отан – қуат, отбасы – шуақ» деп білетін ұлтымыз отбасының тыныштығы мен құндылықтарын бірінші орынға қойған. Осы орайда «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Халықаралық отбасылар күні қарсаңында «ТОЛАҒАЙ» спорттық сайысы өтті.
Іс-шара оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру және сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маныздылығын көрсету, салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырған.
«Таныстыру» , «Шынықсаң шымыр боласың», «Кім жылдам?», «Білімді кенгуру», «Кім көп секіреді?», «Жеңіске жету», «Белсенділер» сынды сайыс түрлері өтті.
Спорт – денсаулық кепілі демекші «ТОЛАҒАЙ» спорттық сайысының қортындысы бойынша жүлделі I орынды «Жігер» тобы, II орынды «Салауат» тобы, III орынды «Денсаулық» тобы иеленді.
Сайыс қызықты әрі тартысты өтіп, қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлады.
Қазақ танымындағы әке-шеше мен балаға мақал-мәтел мен аңыз-әпсананың бәрі де шаңыраққа ұялаған шаттықты сақтауға үндейді. «Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ»,- деп отбасындағы әр адамның мәртебесін бекітіп, бекемдеп отырған. Халықаралық отбасылар күні құтты болсын!
https://bilim-amangeldi.rka.kz/kz/zhanaly-tar/154-tola-aj-sportty-sajysy-tti.html#sigFreeIdb48813afe0








