9-мамыр Ұлы Жеңіс күні жас ұрпаққа Ұлы Отан соғысы жылдары ата-бабаларымыздың ерліктерін, қажымас еңбектерін ұмытпай, олардан үлгі алып, өз еліне, өлкесіне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту  мақсатында музей қызметкерлері «Ерлікке мың тағзым» атты іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында «Есімдері ел есінде» тақырыбында шығарылған көрмені  «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Батыр» әскери патриоттық клуб мүшелері және жетекшісі Абжанов Жайсан Смағұлұлы  келіп тамашалады.

 

Сонымен қатар «Батыр» әскери патриоттық клуб жетекшісі, ұстаз Жайсан Смағұлұлы хабар-ошарсыз кетіп, 75 жылдан кейін дерегі табылған  жауынгер - Әлмағанбетов Ғанидың жеке суреті, іздеу сайттарынан табылған қысқаша мәліметі мен марапат құжатын  музейге тапсырды.