«Өз қолымнан жасаған мультфильмім»
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми –практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Өз қолымнан жасаған мультфильмім» атты облыстық сырттай конкурсы болып өтті. Атаулы байқауға «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Балақай» қуыршақтар үйірмесінің оқушысы Меңдібаев Ғибрат «Үйшік» мультфилімін жасап сайысқа қатысты. Үйшік ертегісі қойылым желісі арқылы балаларды достыққа, ұйымшылдыққа, кешірімділік пен кішіпейілділікке тәрбиелеуге шақырады. Жалпы мультфильм көленкелі қуыршақтар арқылы түсірілді. Нәтижесінде жүлделі II орынды иеленді. Шәкіртін сапалы дайындағаны үшін жетекшісі Жумабеков Анет алғыс хатпен марапатталды. Жеңімпазды жеңісімен Құттықтаймыз!
https://bilim-amangeldi.rka.kz/kz/zhanaly-tar/152-z-olymnan-zhasa-an-multfilmim.html#sigFreeIda392cb30be








