Тіршіліктің тірегі сен – Жер ана

 

Халықаралық Жер күніне орай   «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында үйірме жетекшілері ұйымдастыруымен мерекелік  іс-шаралар өтті.

«Жас суретшілер» және «Сиқырлы қалам»  үйірме оқушылары «Тіршіліктің тірегі сен – Жер ана» тақырыбында сурет салды.   Сонымен қатар «Жас тұлпар» жас ақындар үйірме оқушылары «Табиғат менің  - Жер анам» тақырыбында шығарылған өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды.    Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту; табиғатты қорғауға, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, Табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу; шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру мақсатында ұйымдастырылды.