НҰРСҰЛУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖАСТАРЫНЫҢ
АЛТЫН КІТАБЫНА ЕНДІ
«Неше түрлі ғылым, өнер –бәрі де тіршіліктің ауырлығын азайту үшін, рахатын молайту үшін шығарылған нәрселер. Ғылым, өнер артылған сайын, дүниеде бейнет кемімекші. Осыған ақылы жетіп, есі енген жұрттар ғылым мен өнерді бірден-бірге асыруға тырысады. Асыру үшін әр түрлі істер істейді. Сол істердің бірі –білім жарысы» -деді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы.
«Шұғыла» шығармашылық орталығының ұстазы Нұрсұлу Мирамбекқызы Қазақстан Республикалсының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай президент Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстан жастарының «Алтын кітабы» атты республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанып, «BILIM-ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының Қазақстан Республикасы жастарының Алтын кітабына енді. Осы орайда Республикалық байқау ұйымдастырып, 280 ге жуық дарынды жастардың құжаты келіп түсті. Ішінен талапқа сай болған 100 үздік деп танылған жастардың өмірбаяндарды осы кітап жинағына енгізілді. Байқаудың мақсаты жастардың инновациялық әлеуетін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыта отырып, республикамыздың дарынды жастарының арасында байланыс орнату. Тәуелсіз қазақ Еліне деген құрметін күшейту, отансүйгіштік сезімін арттыру болып табылады. Сонымен қатар оған Қ.Р-ның жастар саясатының дамуына қосқан үлесі және қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, көшбасшылық қабілетін көрсете білгені үшін Қ.Р-ның жастарының «Алтын төсбелгісімен» марапатталды және куәлігі берілді.
https://bilim-amangeldi.rka.kz/kz/zhanaly-tar/150-asxxxwqq.html#sigFreeId16aaa9a2f0








