Облыстық «Nauryz Art» конкурсының жеңімпаздары
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің 5-9 сынып оқушылары арасында Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған облыстық «Nauryz Art» конкурсы өтті. Атаулы байқауға «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Шебер қолдар» үйірмесі жетекшісі Мұхамбетжанов Сайранбек Сайлауұлы шәкіртері бақ сынасты.
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары Батырбек Айбек пен Батырбек Әбілбек жүлделі II орынды иеленді.
Шәкіртін сапалы дайындағаны үшін жекекшісі Сайранбек Сайлауұлы алғыс хатпен марапатталды. Жеңімпазды жеңісімен Құттықтаймыз!
https://bilim-amangeldi.rka.kz/kz/zhanaly-tar/147-oblysty-nauryz-art-konkursyny-zhe-impazdary.html#sigFreeId0ccdd12099








