ЖАС ДАРЫН БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Республикалық «Жас дарын» дарынды балалар орталығының қышықтықтан ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты балалар байқауы өтті. Байқауға әр өңірден мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты балалар бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, олардың дамуына қолдау көрсету, ақын М. Мақатаевтың әдеби мұрасын насихаттау және дәріптеу, ақындық өнер дағдыларын дамыту, өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеу, ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіре отырып, ізгілік пен адамгершілікке баулуға бағытталған. «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Көркем сөз» үйірмесі жетекшісі Аренова Диана Қуанышбекқызының шәкірті атаулы сайыста бақ сынасты. Бүйректал орта мектеп оқушысы Абилкаиров Абылай Амангелдіұлы сапалы деңгейде түсірілген видеролик арқылы жіберілген, өнер байқауының нәтижесінде жүлдеді I орынды иеленді. Шәкіртін сапалы дайындағаны үшін жекекшісі Аренова Диана алғыс хатпен марапатталды. Жеңімпазды жеңісімен Құттықтаймыз!
https://bilim-amangeldi.rka.kz/kz/zhanaly-tar/145-zhas-daryn.html#sigFreeIdc4c3a1683c








