АНА СЕН БАҚЫТТЫСЫҢ
«Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Ана сен бақыттысың!» атты мерекелік онлайн концерттік бағдарламасы өтті. Іс-шараны шығармашылық орталықтың «Ділмар» аудандық дебат клубының жетекшісі Қызырин Айдос пен клуб мүшесі Жолдыбек Карина жүргізді. Қосымша білім беру орталығының басшысы Қойшыбаев Ербол аруларды мерекесімен құттықтады.
Содан соң «Жас тұлпар» ақындар үйірмесінің жетекшісі Айтбаев Еркінғазы мерекелік арнауын айтты. «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Соңында Мұқағали Мақатаевтың «Ана сен бақыттысың!» атты өлеңіне арналған шығармашылық орталығының арнайы дайындаған бейнебаянмен аяқталды.
https://bilim-amangeldi.rka.kz/kz/zhanaly-tar/143-analar-merekesi.html#sigFreeIdf85128d51e








