«Жамбылдың әсем жырлары» атты халықаралық
өнер-білім байқауының жеңімпазы
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Алматы қаласында «Talantty jastar» продюсерлік орталықтың ұйымдастыруымен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Жамбылдың әсем жырлары» атты халықаралық онлайн өнер-білім байқауы өтті. Атаулы байқауға «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Мәнерлеп оқу» дауыс және дикция үйірмесінің жетекшісі Қызыринов Айдостың шәкірті бақ сынады. Амангелді орта мектебінің оқу озаты, көркем сөз оқу шебері Карина Сүндетқызы халықаралық өнер-білім байқауына Хамитбек Мұсабаев "Тәуелсіздік толғауы" атты өлеңін нақышына келтіріп оқып, сапалы түсіріп, видеоролик арқылы жіберді. Өнер байқауының нәтижесінде Карина бас жүлдені иеленді.
К.Сүндетқызы бұл байқауға дейін бірнеше рет бас жүлде иеленген екен. ҚР Тәуелсіздік күніне орай өткізілген "Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры" атты аудандық байқауының "Мәнерлеп оқу" аталымы бойынша бас жүлдені, Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан "Алаш өнер орталығы" ұйымдастыруымен XI Халықаралық "ALASH STAR" өнер байқауында "Көркем сөз" номинациясы бойынша бас жүлдені, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ақын Хамитбек Мұсабаев шығармашылығына арналған "Хамитбек Мұсабаев оқулары" атты аудандық мәнерлеп оқу сайысында бас жүлдені иеленді. Жетекшісі Айдос Жаңайұлы Қостанай қаласындағы тіл маманы бойынша жоғары оқу орнын аяқтап, туған жері Амангелді ауданына келіп, оқушыларға көркем сөз оқуға, дауыс және дикцияны үйретіп жүрген жаста болса тәжірбиелі жас маман. Оныңда еңбегі еленіп, өнер-білім байқауының өтуіне үлес қосып, шәкіртіне жоғары нәтиже көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды. Жеңімпазды жеңісімен құттықтаймыз, алар асуы көп болсын.
https://bilim-amangeldi.rka.kz/kz/zhanaly-tar/136-zhambyldy-sem-zhyrlary-atty-khaly-araly-ner-bilim-baj-auyny-zhe-impazy.html#sigFreeIdf041c5c133








