Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы, сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Осы жаңа жыл мерекесіне орай «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының "Балақай" қуыршақ үйірмесінің ұйымдастыруымен бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау мақсатында «Таңғажайып жаңа жыл» атты онлайн фотосурет сайысы өтті. Сайысқа балабақша бүлдіршіндерімен мектеп оқушылары қатысты. Бүлдіршіндер   жаңа жылдық костюмдерін кейіп, электрондық нұсқада WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы жіберді.

 

Кіші топтан I орынды «Балдырған» балабақшасының бүлдіршіні Мұратбек Сезім мен «Жұпар» балабақшасының бүлдіршіні Мағжанқызы Аружан, II орынды «Қаламқас» балабақшасының бүлдіршіні Бекболатұлы Әмір мен «Қаламқас» балабақшасының бүлдіршіні Көшекбай Зере, III орынды Амангелді орта мектебінің мектеп алды даярлық тобының бүлдіршіні Бекболатқызы Айзере мен «Қаламқас» балабақшасының бүлдіршіндері Сағдатұлы Ерасыл иеленді.

 

Үлкен топтан I орынды Қолдасбаев атындағы орта мектебінің оқушылары Төкенов Айдын мен Сақтапберген Санжар, II орынды Мұратбек Гүлсезім мен Серік Сезім, III орынды Балташ Гүлсирен, Айару Асылбекқызы, Бекзатқызы Ұлпан  иеленді.