Тәуелсіздік күніне орай «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты аудандық онлайн байқау өтті. Байқау бейнелеу шығармашылығы, сәндік қолданбалы өнер, көркем сөз, эстрадалық вокал және мәнерлеп оқу жанрлары бойынша жас ерекшеліктеріне орай 6 жастан 17 жасқа дейін оқушылар бақ сынасты. Оқушылардың жұмыстары электрондық нұсқада, WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы қабылданды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталып, жүлдегерлердің жетекшілеріне білім бөлімінің Алғыс хаттары табыс етілді. "Бейнелеу шығармашылығы" бойынша қашықтықтан аудандық сурет байқауында кіші топ бойынша жүлделі I орынды Ә.Боранбаев мектебінен Мендалинов Ұлан, II орынды Жаңа ауыл орта мектебінен Шәкірова Жаннұр, III орынды Амантоғай орта мектебінен Ғазез Нұриддин иеленді. Жоғары топ бойынша I орынды Жаңа ауыл орта мектебінен Дүйсенбаев Ерасыл, II орынды Қолдасбаев орта мектебінен Ибраева Аида, III орынды Амантоғай орта мектебінен Сапина Несібелді иеленді. "Сәндік-қолданбалы өнер" бағыты бойынша кіші топтан I орынды Қарынсалды орта мектебінің оқушысы Әбдірова Айда, II орынды Жасбуын орта мектептерінен Қалмұқан Баянсұлу, III орынды Шоңғалов Оразалы иеленді. Жоғары топ бойынша: I орынды Ә. Боранбаев мектебінен Какенова Жадыра, IIорынды А.Нұрманов орта мектебінен Уаш Архат, III орынды Амантоғай орта мектебінен Андрей Зере иеленді. «Көркем сөз» жанры бойынша I орынды Тасты орта мектебінен Қабдырашова Жаннұр, II орынды Жаңа ауыл орта мектебінен Есенғалиқызы Гүлсезім мен А.Нұрманов орта мектебінен Нұрлан Абылай, III орынды Ы.Алтынсарин орта мектебінен Серік Сезім иеленді. Орта топ бойынша Бас жүлдені Амангелді орта мектебінен Жолдыбек Карина, I орынды Ы.Алтынсарин орта мектебінен Мұханбедқали Нұрдәулет, II орындарды Н.Мейірманов орта мектебінен Қабидолла Назерке, Құмкешу орта мектебінен Мұханбетқали Эльнура, III орындарды Жалдама орта мектебінен Асхатұлы Жамбыл және Амантоғай орта мектебінен Дәуренбекқызы Жанерке иеленді. Жоғары топтан бас жүлдені Жалдама орта мектебінен Спандиярова Аружан, I орынды А.Нұрманов орта мектебінен Дауылбай Нұргүл мен Амантоғай орта мектебінен Қалмағанбетова Жұмагүлсім, II орынды Қолдасбаев орта мектебінен Айтбай Аяжан мен Жаңа ауыл орта мектебінен Алдаңғорова Айдана, III орынды Крупская негізгі мектебінен Арғынбаева Ұлпан иеленді.
"Эстрадалық вокал" жанры бойынша кіші топтар бойынша Бас жүлдені Жаңа ауыл орта мектебінен Бейсен Гүлназ, I орынды Жасбуын орта мектебінен Аманжол Парасат, II орынды Жаңа ауыл орта мектебінен Еркінқызы Кәусар, III орынды Құлажан Қарақат иеленді. Жоғары топтар бойынша Қолдасбаев орта мектебінің оқушысы Әлім Әлнұр, I орынды Амангелді орта мектебінің оқушысы Қабсалық Ақгүл , II орынды Ы. Алтынсарин орта мектебінен Бейсенбек Аймереке, III орынды Құмкешу орта мектебінен Жақсылықова Асылжан мен Жақсылықова Жангүл топтық орындау бойынша иеленді. Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!
https://bilim-amangeldi.rka.kz/kz/zhanaly-tar/125-t-uelsizdik-m-gilik-eldi-t-yry.html#sigFreeIdf73e31c8b4








