2020 жылғы 15 желтоқсанда дәстүрлі жыл сайынғы «Триумф» марапаттау рәсімінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Амангелдіқызы Есімова халықаралық және республикалық олимпиадалардың, конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздарын марапаттады.

 

Облыс әкімінің марапаттау рәсіміне Қамысты, Қостанай, Меңдіқара, Ұзынкөл аудандарының, Арқалық, Қостанай, Лисаков, Рудный қалаларының және дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернатының оқушылары және педагогтарымен қатар ауданымыз бойынша «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығынан қосымша білім алатын Ізтілеуов Әлинұр Талғатұлы мен жетекшісі , шығармашылық орталық педагогі Тұрысбек Айдар Дәуренбекұлы «Триумфтың» лауреаттары атанды. Айдар Тұрысбекұлы мен шәкірті бұл жетістікке облыс,республика,халықаралық деңгейде бейнелеу өнері бойынша байқауларда алған зор жетістіктері арқылы жетіп отыр.

 

Салтанатты рәсімде дарынды және талантты балаларды қолдауға және ілгерілетуге қосқан зор үлесі үшін педагогтарға облыс әкімі атынан Алғыс хаттар мен планшеттер берілді.Ғылым, шығармашылық және спорттың әр саласында жетістікке жеткен оқушыларға «Триумф» мүсіншелері, Қостанай облысы әкімінің атынан ашық хаттар мен ноутбуктер сыйға беріжеңісөнері шаралары жағдайына байланысты он-лайн рәсімі барысында естелік сыйлықтарды білім бөлімінің басшысы Мұрат Сембайұлы табыстады.