«Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағытын жүзеге асыру мақсатында мектеп оқушылары арасында «Асығың алшысынан түссін!» тақырыбында ұлттық ойындар турнирі өтті.
Қазақтың ұлттық ойындарын жаңғыртып, жас ұрпақтың қызығушылығын ояту, ұлттық құндылықтарды меңгертуге баулу мақсатында өткен турнирге оқушылар зор белсенділікпен қатынасты.
Іс-шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрлыбек Тәжин Қалмұқанұлы, аудандық спорт мектебінің басшысы Әбдіхалықов Нұрлыбек Еренғайыпұлы, аудандық білім бөлімінің бас маманы Құттығожин Сәрсенбай Өтегенұлы, аудандық аурухана қызметкері Сағитов Ғалым Естиярұлы, аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Көптілеуов Бекболат Сақтапбергенұлы қатысты.
«Шұғыла» қосымша білім беру орталығының спорт үйірме жетекшілері ұйымдастырған турнирінде аудан мектептерінің 5-8 сынып оқушылары сынға түсті. Сайыс қызықты әрі тартысты өтті.
Нәтижесінде Ә. Боранбаев атындағы орта мектебінің 6-шы сынып оқушысы Естияров Елмаз І орынды, аталған мектептің 8- сынып оқушысы Асан Әли ІІ орынды, Амангелді орта мектебінің 5- сынып оқушысы Хасан Диас жүлделі ІІІ орынды иеленді.
https://bilim-amangeldi.rka.kz/kz/zhanaly-tar/122-asy-y-alshysynan-t-ssin-ltty-ojyndar-turniri-tti.html#sigFreeIdadf402c5b8








