14 желтоқсан күні «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағытын  жүзеге асыру мақсатында «Асық TIME»  асықтан жасалған бұйымдар көрмесі өтті.

 

Көрмеге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрлыбек Тәжин Қалмұқанұлы, аудандық спорт мектебінің басшысы Әбдіхалықов Нұрлыбек Еренғайыпұлы,  аудандық білім бөлімінің бас маманы Құттығожин Сәрсенбай Өтегенұлы, аудандық аурухана қызметкері  Сағитов Ғалым Естиярұлы, аудандық Жастар ресурстық орталығының  басшысы  Көптілеуов Бекболат Сақтапбергенұлы  қатысты.

 

Асықтан жасалған бұйымдар көрмесі  негізгі қазақ халқының рухани болмысына негізделген. Шығармашылық орталықтан қосымша білім алатын оқушылар бұған дейін «Асық pati» акциясы барысында жиналған 3000- ға жуық асықтан қазақтың ұлттық аспаптарын, жетіген, қобыз, киіз үй макеттерін, басқа да түрлі бұйымдар жасап, көрмеге ұсынды.

 

Әр ұлттың көркі дәстүр - салтына, халықтық мұраларына байланысты. Сондықтан қазақтың асыл мұраларын, ұлттық құндылықтарын ұлықтап, келешек ұрпаққа  насихаттау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырыла бермек.