Cпорт әрбір адамның денсаулығына жақсы әсер ететіні белгілі. Қазіргі уақытта теннис балалар мен жасөспірімдердің арасында өте танымал, қызығушылығы жоғары спорт түрі, жәнеде адамның физикалық және психологиялық денсаулығына  өте пайдалы. Осы ретте Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебінде «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының "Теннис" үйірмесінің оқушылары арасында спорттық тенис сайысы өтті. Сайысқа 5-8 сынып оқушылары  қатысты. Ұйымдастырушы "Теннис" үйірмесінің жетекшісі Башпанаев Сағадат жеңімпаздарды марапаттады.