2 желтоқсан күні «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағытын жүзеге асыру мақсатында «Асық pati» акциясы өтті.

 

Ұмытылып бара жатқан ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртып, жас ұрпақтың ұлттық ойын түрлеріне деген қызығушылықтарын арттыру, қазақ халқының төл мұрасын қастерлеуге баулу мақсатында өткен акцияға оқушылар белсенділікпен қатынасты. Ең көп асық тапсырған оқушылар Алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

Акция барында қосымша білім беру орталығының басшысы Ербол Әбілғазыұлы сөз сөйлеп, жобаға атсалысқан ұстаздар мен оқушыларға өз алғысын білдірді. - Асық ату- қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Халқымыз ерте заманнан қой шаруашылығымен айналысқандықтан, балалар ойындарының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жақтан көнелерінің бірі болып табылады. Ұлттық ойындарымызды жас ұрпаққа дәріптеп, насихаттау- баршаға міндет , -деді Ербол Әбілғазыұлы.

 

«Асық pati» акциясы барысында оқушылар 3000-ға жуық асық жинады. Енді сол жиналған асықтардан түрлі бұйымдар жасалып, Тәуелсіздік күні мерекесіне қарсаңында «Асық taim» көрмесі және «Асығың алшысынан түссін!» турнирі ұйымдастырылады.