Қ.Әбенов атындағы аудандық мәдениет үйінде ұстаздар мерекесіне  орай «Ұстаздарға бас иеміз мәңгілік!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Сүндет Жолдыбекұлы құттықтады.

Құттықтау сөзден кейін бірқатар ұстаздарға аудан әкімінің алғыс хаттарын табыс етті.  Содан соң  аудандық білім бөлімінің басшысы Мұрат Сембайұлы  алғыс хаттарын табыстады.

Марапаттау рәсімдерінен соң мектеп ұстаздары мен оқушылардың әзірлеген концерттік бағдарламасы жалғасын тапты.