"Шұғыла" балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының," Өлең сөздің патшасы..." көркем сөз үйірмесінің жетекшісі Ракымжанова Камшат пен үйірменің тәрбиеленушілері ұстаздар күніне орай, қарт ұстаз - Қоржынов Мырзабек Қаненұлын кәсіби мерекесімен құттықтап, жылы лебізі мен батасын алды.
Кездесудің мақсаты: Қарт ұстаздың еңбек жолымен танысу және оқушыларға ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету.
Кездесу барысында: қарт ұстаз Мырзабек Қаненұлы еңбек жолын баяндап, басынан өткен қызықты оқиғаларымен бөлісті.
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" дегендей, ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда ұстаздың орны бөлек екенін ерекше атап өтті.
https://bilim-amangeldi.rka.kz/kz/sh-yla-shy-armashyly-ortaly-y/171-sh-yla-balalar-men-zhas-spirimder-shy-armashyly-ortaly-yny-le-s-zdi-patshasy-k-rkem-s-z-jirmesini-zhetekshisi-rakymzhanova-kamshat-pen-jirmeni-t-rbielenushileri-stazdar-k-nine-oraj-art-staz-orzhynov-myrzabek-anen-lyn-k-sibi-merekesimen-tty-tap-zhyly-lebizi-men-batasyn-aldy.html#sigFreeId87d8377efa








