Шахмат үйірмесінде оқушылар шахмат ойыны туралы алғашқы мәліметтер алу мен бірге, дебют туралы білімдерін кеңейтеді. Шахмат ойыны оқушының ойлау, байқампаздық, зейінділік қабілеттерін дамытады. Шахмат ойыны оқушыны тез ойлану, дәл де, анық есептеуге үйретіп, жеңіске жетуге талпындырып, адамның ерік -жігерін арттырады.
Осы орайда «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Шахмат» үйірмесінің оқушылары арасында жоспарға сәйкес кезекті кезекті үйірмесі жұмысы өткізіледі. Үйірме жетекшісі Маденов Ғанибек. Үйірме толық апталық жүктемемен жүреді. Үйірмеге қатысушылар жалпы саны 40 оқушыны құрайды. Біз шахматты осы уақытқа дейін ойын ретінде қабылдап келдік. Шындығында шахмат - адамның ақыл – ой дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар балалардың логикалық ойлау, алдын – ала болжау, математикаға бейімделу қабілетін арттыру, нерв жүйесін қалыптастыру, компьютерге тәуелдіктен арылтуға мүмкіндік туғызады.
https://bilim-amangeldi.rka.kz/kz/sh-yla-shy-armashyly-ortaly-y/163-shakhmat-jirmesi.html#sigFreeId5ed91d31e2








