«Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Жас суретшілер»  үйірмесінің оқушылары арасында жоспарға сәйкес кезекті үйірмесі жұмысы  өткізіледі. Үйірме жетекшісі Тұрысбек  Айдар. Үйірме толық апталық жүктемемен жүреді. Үйірмеге тавртылған бала саны 40.   Үйірмеге  салынған әр бір сурет өзінше ерекше, өзінің берер мағынасы бар және ерекше махаббатпен салынған, балалардың жұмыстарынан олардың таңдап алынған тақырыпқа деген ерекше көзқарастары байқалды.    Негізгі  мақсаты оқушылардың бос уақытын  тиімді пайдалану, балалардың сурет шығармашылығын дамытуға және көпшілікке насихаттауға ықпал ету.