Алматы қаласы "Мереке" балалар мен жасөспірімдер арасында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай 2020 жылдың 4-21 наурыз аралығында Республикалық "Абай әлемі" атты өнер байқауы ұйымдастырылды. Бұл байқауға "Шұғыла" БШЖО бейнелеу өнері үйірмесінің оқушысы Тұрсынова Көркем Мейрамқызы "Бейнелеу өнері" номинациясы бойынша қатысып бас жулдеге ие болып, арнайы медальмен және дипломмен марапатталды. Жетекшісі Мирамбек Нұрсұлу Мирамбекқызына құрмет грамотасы табыс етілді.