«Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының  «Балақай» қуыршақ үйірмесі оқушылары бүлдіршіндерге арнап " Шалқан" ертегісін қойды.  Ертегі киілмелі қуыршақтар арқылы ойнатылды. Қуыршақ театры енді ғана жаңа әлемді танып-түсінік келе жатқан балалардың өмірді қабылдауға деген танымын арттырды. Себебі спектакльді тамашалап отырған бүлдіршін өзін басты кейіркердің орнына қойып, оның басынан кешкендерін психологиялық тұрғыда қабылдап, өзі басынан кешкендей хал-күй кешті.   Сондықтан қуаршақ театрының негізгі репертуары бала тәрбиесіне арналуының басты себебптері осында.  Театр – өмірдің кішірейтілген моделі болса, жас көреремендер сахналық оқиғаға имандай сенетіні сөзсіз.