2021 жылдың 10 ақпан мен 5 наурыз аралығында Республикалық қосымша білім беру орталығының  ұйымдастыруымен  республикалық  "Ана жүрегі " атты байқау өткен болатын. Байқау дарынды және талантты оқушылар арасында 9 номинация бойынша  ұйымдастырылды. Сурет,шығарма,өлең шығару,көркем сөз,вокал, музыкалық аспапта ойнау, қолөнер, бейнеролик, хореография аталымдары аясында өткен  байқауға " Шұғыла" балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы  "Алтын оймақ"үйірмесінің мүшесі Жұматова Айзере Саматқызы "Қолөнер" номинациясы бойынша "Анама өз қолыммен жасалған сыйлық" атты тақырыпта қатысып , жүлделі 1 орынды иеленді.  Жүлдегер  дипломмен марапатталса,  жетекшісі Мейрамбек Нұрсулу Мейрамбекқызына Алғыс хат берілді.