ОБЛЫСТЫҚ АРМАНДАСТАР ФИСТИВАЛЬІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Көркемөнерпаздар театры және хореографиялық ұжымдардың арасында «Армандастар» балалар шығармашылығының облыстық фестиваль байқауы онлайн өтті. Атаулы байқауға «Шұғыла» балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Балақай» театр ұжымы «Қуыршақтар спектакльі» жанры бойынша «Шалқан» ертегісімен сынға түсті.
Нәтижесінде облыстық «Армандастар» балалар шығармашылығының фестивальінде театр ұжымы сапалы еңбектерінің арқасында жүлделі I орынды иеленді. Рөлдерді Меңдібаев Ғибрат, Жұмағлиева Каракөз, Әділханова Дамира, Қуанышбаев Қуаныш, Қуанышбаев Алданыш, Өмірхан Бекболат, Иса Жандостар қойылымды нақышына келтіріп сомдады. Шығармашылық орталықтың басшысы Ербол Әбілғазыұлы басы қасында болып, дайындық барысында өз қолдауын көрсетті. Дайын жұмыстарына мүмкіндік жасаған аудандық Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінінің ұжымына алғысымызды білдіреміз. Бұған дейін 2019 жылы осы Әнет Жұмабектің өнер және драма үйірмесі «Кейкінің кегін» жоғары деңгейде облыс сахнасына шығарып жүлделі I орынды алған болатын. Ал 2020 жылы «Қазыбек бидің Қонтайшыға айтқаны» қойылымен атаулы фистивалде жүлделі II орынды алды. Биылғы жылы да жеңімпаздар жүлдені қанжығасына байлады. Атаулы театр ұжымына шығармашылық табыс, алар асуы көп болғай, демекпіз!
Әнет ЖҰМАБЕК
«Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер
шығармашылық орталығы
Көркемдік жетекші
Амангелді ауданы









