ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ ШЕКСІЗ ӘЛЕМДЕ

«Қазақстан балалары шексіз әлемде» атты облыстық балалар киносы байқауы өтті. Байқау балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, кино және теледидар саласында дарынды балалар мен жастарды іздеу, заманауи өнердің озық үлгілерін иегеруге баулу мақсатында ұйымдастырылды. Нәтижесінде  «Деректі кино» жанры бойынша ІI орынды орынды «Шұғыла» балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы оқушысы Жолдыбек Карина иеленді.

Жеңімпаздың жасаған видео еңбегінің  мазмұнына тоқтала кетсек.  Жолдыбек Каринаның «Дала шамшырағы» атты сюжетінде  Ы.Алтынсарин жайлы ақпараттар  айтылып, зерттеушілердің ойлары, ұлы ағартушының өмірбаяны суреттеледі. Ақын Ақылбек Шаяхметов пен  ақын, Ыбырайтанушы Серікбай Оспанов ашық сұхбат жүргізіп, өз ойларын ортаға салады. Фильм қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақын, жазушы, этнограф, фольклоршы және қоғам қайраткері Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына арналған.   Ұстазы Айдос Жаңайұлының еңбегі үстем болды. Жеңімпазды жеңісімен құттықтаймыз, алар асуы көп болсын.

Әнет ЖҰМАБЕК

«Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер

шығармашылық орталығы

Көркемдік жетекші

Амангелді ауданы