ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ ШЕКСІЗ ӘЛЕМДЕ!

 

   «Қазақстан балалары шексіз әлемде» атты  облыстық  балалар киносы байқауының  аудандық кезеңі  болып өтті.        Байқау  балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, кино және теледидар саласында дарынды балалар мен жастарды іздеу, заманауи өнердің озық үлгілерін иегеруге баулу  мақсатында ұйымдастырылды. Нәтижесінде  «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының оқушысы   «Музыкалық клип» жанры бойынша І орынды Қабдыхамитов Ерназ, «Ойынды кино» жанры  бойынша І орынды  Меңдібаев Ғибрат,  «Деректі кино» жанры  бойынша І орынды  Жолдыбек Карина иеленді.  Жоғарыда аталған балалар киносы байқауының  жеңімпаздары облыстық  кезеңіне жолдама алды.