Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық авторлық өлеңдер байқауы өтті. Жас ақындары байқауына «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Жас тұлпар» ақындар үйірмесі жетекшісі Айтбаев Еркінғазының шәкірті бақ сынады.«Жас тұлпар» ақындар үйірмесі оқушысы жас талант, бірнеше мәрте республикалық байқаулардың жүлдегері атанған Қабдыхамитов Ерназ жақсы өнер көрсетіп, жыр додасында жүлделі І орынды иеленді. Жеңімпазды жеңісімен Құттықтаймыз!









