«БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ»
атты онлайн республикалық эссе байқауының жеңімпаздары
«BILIM және ORKENIET» Ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы қараша айынан бастап Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын педагогтар, студенттер мен оқушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі» атты республикалық байқау ұйымдастырылды.
Бұл байқауға «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Руханият» үйірмесінің бірнеше оқушылары қатысып жүлдегер атанды. Атап айтар болсақ: Ақын, сазгер Ерлан Нұрманғалиевтің өмірі мен шығармашылығы жайлы «Найзағай-ғұмыр» эссесімен Амангелді орта мектебінің оқушысы Әбілғазы Айша жүлделі I орынды, Халық әртісі Әнуар Боранбаев жайлы «Сахна өнерінің саңлағы» шығармасымен Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Кенжеғалиева Төлеу жүлделі I орынды, «Туған жер тұлғалары» бағыты бойынша жерлесіміз меценат, жиһанкез Сапар Ысқақов жайлы «Ұлым дейтін ел болмаса...» тақырыбында Амангелді орта мектебінің оқушысы Сейдағалиев Нұртөре жүлделі II орынды иеленді. Аталған жеңімпаздар мен жетекшісі Сахан Оңжанұлы арнайы дипломдармен марапатталды. Жүлдегерлерді жеңістерімен Құттықтаймыз!









