2020 жылдың 21  желтоқсан күні Қостанай облысы "Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Саз мектебі" КММ-де Мәдени сауатты, қазақтың аспаптық музыкасын терең  түсінетін, құрметтейтін өресі биік, халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу. Жас ұрпақты өнерге бейімдеу арқылы әсемдік әлемін таныту, өнерге деген сүйіспеншілігін, ынта –ықыласын арттыру мақсатында ауданымыздағы әр мектеп оқушыларының қатысуымен онлайн түрде «100 домбырашы» фестивалі өтті.