Қостанай облысы, Амангелді ауданы, «Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің саз мектебі» КММ-нен 2020 жылдың 1-16 қазан аралығында «Мұрагер» орталығының ұйымдастыруымен «Жеті өнер» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық қашықтықтан өткен байқауға аспапта орындаушылық жанры бойынша оқушылар қатысып жүлделі орындарға ие болып, мадақтама, медальдармен марапатталды. Жетекші мұғалімдер де осы орайда мадақтамалармен және «Үздік көшбасшы педагог» атты арнайы төсбелгімен марапатталды. Атап айта кетер болсақ:
Кенжеболатова Айару- 2-орын, жетекшісі Жанұзақова Ділдә
Балкен Іңкәр- 2-орын, жетекшісі Кабдоллина Айзат
Бейсенбаева Қарақат- 1-орын, жетекшісі Құлташева Ақтоты
Аяш Гүлшаһар- 1-орын, жетекшісі Айдарова Меруерт
Әбілғазы Айша-1-орын, жетекшісі Айдарова Меруерт
«Үкілі ару» қобызшылар ансамбльі- Бас жүлде, жетекшісі Айдарова Меруерт, Концертмейстер:Саукимбаева Назым








