Байқауға әр өңірден мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты.
Байқаудың мақсаты балалар бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, олардың дамуына қолдау көрсету, дәстүрлі ән мен ұлттық күйді дәріптеп, би өнерінің кең ауқымда өрбуіне ат салысу, өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеу, ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіре отырып, ізгілік пен адамгершілікке баулуға бағытталған.
«Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Домбыра сазы» үйірмесі жетекшісі Жангелді Байкенов өз шәкірттері атаулы сайыста бақ сынасты. Жаңа ауыл жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары Ақмырза Аяулым Латиф Хамидидің «Қазақ вальсі», Еркінқызы Нарқыз Шәкәрім Құдайбердіұлының «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», Серікболсын Балахмет Абай Құнабаевтың 'Сегіз аяқ' әнін шырқады. Байқауда орындалған шығармашылығын жоғары, сапалы деңгейде түсірілген видеролик арқылы жіберілген, өнер байқауының нәтижесінде үш оқушыда бас жүлдені иеленді. Олар «Эстрадалық вокал» жанры бойынша Аяулым Әлімқызы мен Нарқыз Еркінқызы, «Дәстүрлі ән» жанры бойынша Серікболсын Балахмет.









